
Әлетай Айгерім Мұратбекқызы
Білім мен өнер саласының терең тарихы мен сан қырлығы әрдайым қызығушылығымды оятты. Білім тарихына үңіліп, даму барысындағы жаңашыл өзгерістер — білімнің қайнар суымен сусындауға мүмкіндік берді. Бұл жолдың әр торабында өз қабілетімді сынап, ізденісте жүруді саналы тұлға болып қалыптасуымдағы ең маңызды саты ретінде түсіндім.
Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры асқақ болуы үшін халқымызға пайдасын тигізер білікті маман болуға ұмтылу жолында білім, өнер мен еңбекті қатар ұштастырып келемін.
Келер келешегіміздің келісті келбеті бүгінгі күн әрекетінің нәтижесіне тікелей байланысты деп білемін.
Білім мен ғылым сабақтастығын терең ұғынып, рухани бай, заман талабына сай тұлға болу — менің басты мақсатым.